Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтілді

19 Қаңтар 2021, 14:00
1650
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бас санитарлық дәрігердің қаулысы жарияланды. 

1.Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, концерттерді, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын.

2. Барлық ойын-сауық нысандары, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің, бильярд, боулинг, кейтерингтік қызметтер көрсету және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметін тоқтата тұру.

3. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу:

- дистанциялық жұмыс форматына бірінші кезекте 50 жастан жоғары  қызметкерлер енгізілсін.

- жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін ХҚКО жұмыс кестесін белгілей отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының  жұмысын ұйымдастыру. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚО-ға және мамандандырылған ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау арқылы бару ұсынылады.

- діни нысандары (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 4 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу.

- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарлары бір келушіге 20% - дан аспайтын және 4 ш. м. кем емес толтырылуы сақталған жағдайда, ҚР МГСВ №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күндері жұмысын тоқтату.


Өзгелердің жаңалығы