Батыс Қазақстанда жол желісі бойынша 50 жоба жүзеге асырылады

30 Мамыр 2020, 03:34
1692
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жол желісі бойынша 50 жоба жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Батыс Қазақстан облысында көше-жол желісінің автомобиль жолдарын қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша 50 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Аталмыш жоба "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында іске асырылады.

Республикалық бюджеттен 11,4 млрд теңге көлемінде бөлінген қаражатқа 90 км астам жол жөндеу жоспарлануда. 2800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады, соның ішінде шамамен 1400 аса жұмыс орындары Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылатын болады.


Облыс орталығында 5,1 млрд теңге қаражатқа 31 жоба іске асырылады (35,2 км). Казталов, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Жәнібек, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында 19 жоба (55,4 км) жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта 39-дан астам мердігерлік ұйым бар. 15 жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды.
100% негізгі жол-құрылыс материалдары – отандық қамту құралдары.

 

ЖҚЖК аясында барлық жобалар аяқталғаннан кейін 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.



Өзгелердің жаңалығы