Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

21 Шілде 2023, 10:31
1366
Бөлісу:
Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Елімізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналар сатып алуда.

Сондай фильмнің бірі - қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін “Қаhарман” атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті халық қаһарманы Асқар Забикулинге қатысты шынайы оқиғаларға негізделген.

Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Сериалдың бас кейіпкері - өткен жылы алаумен арпалысып, 3 адамның өмірін құтқарамын деп ажал құшқан өрт сөндіруші - Асқар Забикуллин.

Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездестім. Бұл жерге Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келген екен, олармен әңгімелестік. Анель сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты. Министрліктің қолдауымен “Bas production” компаниясы түсіріп жатқан сериал бұйырса қыркүйек айында “Astana” арнасынан көрсетіледі. Түсірілім тобына сәттілік тілейміз!, - деді министр.

Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі
Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі
Өзгелердің жаңалығы