"Батыр ана". Жетісулық әйел 10-шы рет ана атанды

9 Ақпан 2024, 21:48
2782
Бөлісу:
"Батыр ана". Жетісулық әйел 10-шы рет ана атанды
Фото: instagram.com/jetisu_akimdigi

Жетісу облысы Сарқан ауданындағы "Батыр ана" 10-шы сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, Батыр ана сәбиін 4 ақпан күні Сарқан ауданының орталық ауруханасында дәрігерлердің көмегімен босанған.

Қазіргі таңда анасы мен баланың жағдайы жақсы. 

Дәрігерлердің айтуынша, 43 жастағы әйел үшін осы жасында 10 құрсақ көтеруі сирек кездесетін жағдай екен. Көпбалалы отбасы бүгінде 7 қыз, 3 ұлды өсіріп, жеткізуде. Олардың қатарында егіздер де бар. Батыр ананы нәрестелі болуымен құттықтаймыз! Бауы берік, болашағы жарқын болсын!, -делінген Сарқан ауданы әкімдігі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы