Баталов Бас прокуратура жанынан бизнесті қорғау департаментін құруды ұсынды

24 Мамыр 2023, 15:09
777
Бөлісу:
Баталов Бас прокуратура жанынан бизнесті қорғау департаментін құруды ұсынды
Фото: «Атамекен» ҰКП

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Бас прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте бизнесті қорғау жөніндегі барлық қадағалау функцияларын Бас прокурорға тікелей бағынатын жеке құрылымдық бөлімшеге беруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық палата басшысының айтуынша, істерді бизнесті қорғау тұрғысынан қарау – алдын алу шарасы болып қана қоймай, сонымен қатар елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Бас прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте бизнесті қорғау жөніндегі барлық қадағалау функцияларын Бас прокурорға тікелей бағынатын жеке құрылымдық бөлімшеге беруді ұсынды. Ұлттық палата басшысының айтуынша, істерді бизнесті қорғау тұрғысынан қарау – алдын алу шарасы болып қана қоймай, сонымен қатар елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады.

Былтыр Бас прокуратура кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталуына қатысты нұсқауға қол қойды. Бүгінде өңірлік палаталарымызда нұсқауға қол қойылғаннан кейін оң шешілген кейстерді жіберіп жатыр. Қолда бар мәліметтер бойынша, былтыр прокурорлар «ойдан шығарылған» негіз бойынша қозғалған 600-ден астам қылмыстық істі тоқтатты. Сонымен қатар, бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары кәсіпкерлеріміздің қызметін жеңілдетуге арналған. Алғашқы нәтижелер қазірдің өзінде бар. Олар бизнесті қылмыстық процеске заңсыз тарту мәселелерін қозғайды, – деді Райымбек Баталов.

Спикер прокуратура органдары бизнесті қорғауда маңызды екенін оның механизмдерін Бас прокуратурамен бірге үнемі жетілдіріп отыратынымызды атап өтті. Бұл бағытта Ұлттық палата мемлекеттік органдар тарапынан дәйекті және болжамды саясатты қамтамасыз етуде Бас прокуратураның қолдауын қажет етеді.

Қазіргі кезде Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі әкімшілік кедергілер мен басқа да қысым факторларын жоюға мамандандырылған бөлім құрды. Қадағалаудың басқа бағыттары бойынша, әсіресе қылмыстық процесте бизнесті қорғаудың мұндай тиімді және құрылымды жүйе байқалмайды. Сондықтан мемлекет басшысының отандық кәсіпкерліктің құқығын қорғаудың пәрменді механизмдері мен шараларын жедел әзірлеу туралы тапсырмасын орындау – бірінші кезектегі міндет. Бизнесті қорғау жөніндегі барлық қадағалау функциясын дербес департаменттен төмен емес деңгейде Бас прокурорға тікелей бағынатын жеке құрылымдық бөлімшеге беру уақыты келді, – деді «Атамекен» ҰКП басшысы.

Оның пікірінше, бұл шара бизнесті қылмыстық, әкімшілік және азаматтық жауапкершілікке тартуға байланысты бағыттар бойынша алдын ала қадағалауды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің келіп түскен барлық өтініші тек қана бизнесті қорғау тұрғысынан қаралатын болады. Райымбек Баталов бұл шара елдегі инвестициялық ахуалды жақсартатынына сенімді. Ал инвестциялық ахуалды жақсарту стретагиялық маңызға ие міндет.

Алдағы жұмысты бизнес субъектілері, оның ішінде инвесторлар да сезінуі үшін тездетіп қолға алу қажет. Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлер палаталары жергілікті жерлерде прокурорлармен тығыз қарым-қатынас жасап, бағытты бірге белгілеуі керек. Мен жергілікті өңірлердегібарлық прокурорға тиісті нұсқау беремін, – деді Бас прокурор Берік Асылов.

Өзгелердің жаңалығы