Басты міндет - отандық өндірушілердің үлесін 100%-ке дейін арттыру – Смайылов

17 Мамыр 2022, 11:35
1122
Бөлісу:
Басты міндет - отандық өндірушілердің үлесін 100%-ке дейін арттыру – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – осы өнім түрлерін шығаруда отандық өндірушілердің үлесін 100%-ке дейін арттыру.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты.

Мал шаруашылығы – отандық ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі   әрі жетекші саланың бірі. Мемлекет мал басын көбейтіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін арнайы қолдаукөрсетіп келеді. Оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, техника мен жабдықтарды сатып алу кезінде шығындарды өтеуге қаржы қарастырылған, - деді ол.

Үкімет басшысының дерегіне сүйенсек, мал шаруашылығы оң қарқынмен өсіп келеді.

 Осы орайда мал шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды элементі екенін де айта кеткен жөн. Әлеуметтік маңызы бар 19 өнімінің төртеуі импортқа тәуелді. Олар – құс еті, шұжық, сүт және сүт өнімдері. Сондықтан бұл салада жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар.  Біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – осы өнім түрлерін шығаруда отандық өндірушілердің үлесін 100%-ке дейін арттыру. Әсіресе, шикізатты терең өңдеужобаларын іске асыруға баса назар аударып, сыртқы нарықтарға шығуды да ескеру қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы