Басты міндет – халықтың денсаулығын қорғау

27 Сәуір 2020, 13:51
1696
Бөлісу:
Басты міндет – халықтың денсаулығын қорғау
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, профессор Жамалден Ибрагимов Президент мәлімдемесіне өз пікірін білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өз мәлімдемесінде елдегі жағдайды, шет елдердегі мәселелермен салыстырып айтып берді. Елдегі дамуды жетілдіру үшін бизнес, аграрлық салаға қатысты қолдау шараларына назар аударды. Бұл жағдайда заңның, тәртіптің сақталу керектігін нақты көрсетті. Медицина басқа да төтенше жағдайда алдыңғы қатарда қызмет етушілердің еңбегіне алғысын білдіріп, азаматтар ол еңбекті зая кетірмеу керектігіне де тоқталды, - деді профессор.

Сонымен қатар, медицина саласын одан әрі жетілдіру үшін жаңа заң жобасының дайындалуына қатысты тапсырма берілгендігін айтты.
Ел тұрғындары әлі де шыдамдылық танытып, сабырмен барлық тәртіпті сақтауға міндетті. Сол жағдайда ғана мемлекет басшысы айтқан іс-шаралар өз тиімділігін көрсетеді. Әрбір қазақстандық мәлімдемеде айтылған тапсырмаларды терең түйсініп, төтенше жағдай талаптарын орындауы керек. Мемлекет басшысының жасаған кезекті мәлімдемесі азаматтарды игі істерге шақырып, ұжымдастыра түседі деп ойлаймын, - деді Жамалден Ибрагимов. 


Өзгелердің жаңалығы