«Бастау Бизнес»: Пандемия кезінде зардап шеккен жоба иелері төмен пайызбен несие алуына болады

16 Тамыз 2021, 17:40
3725
Бөлісу:
«Бастау Бизнес»: Пандемия кезінде зардап шеккен жоба иелері төмен пайызбен несие алуына болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты. Осылайша, ол «Бизнес Бастау» жобасында оқыған түлектерге таптырмас мүмкіндік беріліп отырғандығын алға тартты.

Оның айтуынша, оқыту микронесие берумен байланысты жүргізілетін көрінеді. Бұл оқытуды, микроқаржыландыруды, жобаларды сүйемелдеуді қамтитын тұтас бір экожүйені құруға мүмкіндік береді.

Республика бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа жерлерде барлығы 15 микроқаржыландыру ұйымдары ашылды. Бүкіл 15 ұйымға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиялары берілді. Өтінімдер 15 шілдеден бастап қабылданып жатыр, - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 

Сондай-ақ қазіргі уақытта 3,0 млрд теңгеден астам сомаға 600-ге жуық өтінім түсіп үлгеріпті. «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне мемлекет үнемі қолдау көрсетіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының шеңберінде биыл және былтыр оқытуға қатысушыларды қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. ЖАО-мен бірлескен микроқаржылық ұйымдар желісі жылдық 6%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша микрокредиттеудің қолжетімділігін арттыра түскен. Несиені өтеу кезінде демалыс кезеңі де қарастырылған. 

Бұл «Бастау Бизнес» жобасының артықшылықтарының бірі болып отыр, -  дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы