Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

21 Сәуір 2023, 17:10
1244
Бөлісу:
Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова
PHOTO
Фото: автордан

Бүгінгі таңда елімізде инклюзивті білімге зәру 188 мыңнан астам бала бар. Оларды оқыту оңай шаруа емес. Білікті ұстаздар керек. Мемлекеттік қолдау да үзілмеуі тиіс. Бұл мәселе жайында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Кудериновамен сұхбаттастық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Еліміздегі инклюзивті білім беру саласына көңіліңіз тола ма?

Нормативтік-құқықтық актілерге келсек, инклюзивті білім беру саласын дамыту бойынша министрлік біраз жұмыс атқарды. Білім туралы заңға көптеген өзгеріс енгізді. Білім стандартына және типтік ережелерге тиімді нормалар да енгізілді.Оның ішінде ерекше білімді қажет ететін балалардың санаты кеңейтілді. Қазіргі таңда заң бойынша бұл санатқа тек мүмкіндігі шектеулі балалар емес, басқа да жағдай да оқу барысында қиыншылық көрген балалардың да санаты жатады. Меніңше, біз көптеген балаға қол ұшын созуымыз керек.

Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

Екіншіден, балаларды оқыту барысында сүйемелдеу ережесі енді. Сонымен қатар бағалау жүйесі өзгерді. Бағалу жүйесі дегеніміз – ерекше білім беруде қажеттілікті бағалап, қандай жағдай жасау керек екенін анықтау.

Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

- Бұл саланың дамытуға қандай бір идеяңыз бар ма? Осы күнде басқа елдерден тәжірибе алмасамыз ба?

Ал практикалық білім беру деңгейі көңіл көншітетін дәрежеде емес. Өйткені көптеген білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары әлі де инклюзивті білім беру саласының маңыздылығын түсінбей отыр. Инклюзивті білім беру саласы негізгі білім саласының сапасын көтереді. Әр «баланың ерекшелігін ескеру» міне, осындай қағидатты түсінбегеннен кейін басшылар тек мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту деп ойлайды. Негізі олай емес. Инклюзивті білім беру –баланың нақты қажеттілігін ескере отырып, оған керекті жағдай жасау. Демек, кез келген жағдайда балаға арнайы көмек көрсетуді айтамыз. Ол - дарынды, мүмкіндігі шектеулі және қандастарымыздың баласы болсын бәріне қажеттілігіне қарай жұмыс жүргізу.

Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

Қазіргі таңда ресурстық орталықтардың маңызы зор. Олардың ең басты міндеті – өзара тәжірибе алмасу және бір-біріне практикалық көмек көрсету. Ресурстық орталықтар былтырдан бастап құрылды. Республикамызда мұндай білім беруді дамытып жүрген 21 мектеп бар. Инклюзивті мектептердің саны жыл сайын көбейе бермек.

Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

- Елімізде үшауысымды мектеп көп. Жалпы, тапшылық бар. Мұны ескерсек, арнайы мектептердің жағдайы қалай?

Арнайы мектептер де инклюзивті білім беру саласының бір бөлшегі. Мектептерде әр балаға ерекшелігіне сай, жағдайлар жасалған. Елімізде мұндай 99 мектеп бар. Бұрын Кеңес кезінде 130 мектеп болған. Әрине, қазіргі таңда арнайы мектеп жеткіліксіз. Өйткені сұраныс саны өте көп. Себебі ол жерде баланың ерекшелігіне сай бүкіл жағдай жасалған. Алайда, арнайы мектептердің материалдық-техникалық базасы әбден ескірген. Көбі кеңес кезінде 1950-1960 жылы салынған білім ордалары. Әрине, білім беру мекемелерін жаңарту бойынша атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр.

Басшылар инклюзивті білім берудің не екенін түсінбей отыр - Әйгерім Кудеринова

- Мұндай балаларға практикалық білім беру процесі шешілген бе?

Біз педагогтерді инклюзивті білім беру саласындағы жаңа жобаларды енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда ресурстық орталық практикалық тұрғыда оң нәтиже беріп отыр. Ол – «мұғалімнен мұғалімге» жобасында біз теориядан тәжірибеге көшудеміз. Тәжірибеде әр баламен қалай жұмыс істеу керегін, типтік оқу бағдарламаларды ерекшелігіне қарай қалай жасау керегі туралы ресурстық орталықтармен бірлесіп, нақыт әдістеме қылып шығармақпыз. Біз бұл идеяны 2021 жылдан бастап жүзеге асырып келеміз. Басқа елдердің тәжірибесі міндетті түрде ескеріледі. Көптеген мемлекеттерде инклюзивті білім беру саласы өз ерекшелігіне қарай, дамып жатыр. Біздің де көрсеткішіміз көрші елдерге қарағанда жаман емес.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы