"Басқа елдермен күш біріктіріп шешу қажет": Астанада ШЫҰ 5-кеңесі өтіп жатыр

22 Мамыр 2024, 13:32
228
Бөлісу:
"Басқа елдермен күш біріктіріп шешу қажет": Астанада ШЫҰ 5-кеңесі өтіп жатыр
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің министрлері мен ведомство басшыларының 5-кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Экологиялық проблемалардың шегі жоқ және Шанхай ынтымақтастық ұйымының барлық елдерінде ұқсас экологиялық проблемалар бар, оларды тек күш біріктіру арқылы бірлесіп шешу қажет, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин мырза, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь делегациялары қатысты.

Кеңес барысында климаттың өзгеруі, парниктік газдар шығарындыларын азайту, қалдықтарды тиімді басқару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен іс-қимылдар жасауға бағытталған бірқатар мәселелерді қарастырдық, - деді министр.

Нысанбаев кеңестің ШЫҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жетілдіру және ұйымға мүше елдер басшыларының алдына қойған міндеттерін іске асыру үшін жақсы серпін болатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы