Баспаналы болу. Мембағдарламалардан «толық емес отбасыларды» неге алып тастады

22 Маусым 2023, 12:00
864
Бөлісу:
Баспаналы болу. Мембағдарламалардан  «толық емес отбасыларды» неге алып тастады
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты депутаттық сауалға Премьер-министр Әлихан Смайылов жауап берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр: көп балалы отбасылар (103 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат), мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат), жетім балалар (63 мың азамат), - деп жауап берген Премьер-министр.  

Әлихан Смайылов «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санаты бойынша азаматтардың артып кеткенін айтқан.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санаты бойынша азаматтардың кезектілікпен 75% өсуі байқалды (2019ж. – 85,4 мың кезекте тұрғандар, 2023ж. - 150,2 мың) және олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24%. Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді, басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды. Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталды, - деді Смайылов. 

Смайылов  2019-2021 жылдар аралығында ажырасулар саны 148 599, ажырасулардың ең жоғары өсуі 5-9 жас аралығындағы некелер арасында байқалғаны жөнінде статистикалық мәліметтер келтіріп кеткен. 

Өз кезегіңде, кезекте тұрғандардың, оның ішінде толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген: 

- республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу. 

- жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау. 

- кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да  жарна бойынша 5% жеңілдікпен кредит беру.

Өзгелердің жаңалығы