Баспана алу. Мемлекеттік қолдауға қандай санаттар жатады?

24 Мамыр 2022, 15:47
1778
Бөлісу:
Баспана алу. Мемлекеттік қолдауға қандай санаттар жатады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазақстандықтар өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін біз барлық процесті онлайн режимде ұйымдастырылған. Өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі. Өтінімдер қабылданатын және өңделетін цифрлық платформа бірегей. Алғашқы өтінімдерді беру барысында платформада қателер туындауы мүмкін деп болжап, бірінші кезеңде өтінімдер банктің клиенттері болып табылатын үміткерлерден қабылдана бастады, – деді Әзімбек Нәлібаев.

Айта кетерлігі, жалдау шарттары бойынша төлемдерді республикалық және өңірлік бюджеттерден қаражат түскеннен кейін маусым айынан бастап төлеу жоспарланып отыр. 

Өз кезегінде  департамент директоры Руслан Лепесов  коммерциялық нарықта тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау қағидалары туралы ақпарат берді.

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Атап айтқанда, 50 пайызы мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылса, қалған 50 пайызын пәтер жалдап тұратын азамат өзі төлейді. Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған үміткерлер ие бола алады. Олардың қатарында І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көпбалалы отбасылар бар. Бұл ретте, соңғы 6 айдағы орташа айлық жиынтық табыстың мөлшері отбасының әрбір мүшесі үшін бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс, – деп мәлімдеді департамент директоры Руслан Лепесов.

Өзгелердің жаңалығы