Бас санитардың қаулысы: Енді әрбір адам маска тағып жүруге міндетті

30 Шілде 2020, 18:12
3290
Бөлісу:
Бас санитардың қаулысы: Енді әрбір адам маска тағып жүруге міндетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) міндетті түрде маска киіп және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беруді;»;

2) 17-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) жинау пункттерінде жедел әскерге шақырылатн адамдарды және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерді ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;»;

3) 23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарға арналған провизорлық стационарлардың/бөлімшелердің жұмыс істеуін;»;

4) 23-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;

5) 24-тармақтың 2), 5), 8), 9), 11) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке инфекциялық төсектер (стационарлар) бөлуді;

5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады;

8) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды;

9) провизорлық және инфекциялық стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды;

11) эпидемиологиялық жағдайға қарамастан жүкті әйелдерге және балаларға, амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ алатын пациенттерге, онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын, сондай-ақ емдеуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруды қамтамасыз етсін.

Қалған бейіндер бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және медициналық ұйымда инфекциялық бақылау қызметі болғанда 2 кезеңмен қайта бастасын:

- 1-кезеңде COVID-19 кезінде медициналық көмек көрсетуге қатыстырылмаған барлық медициналық ұйымдар;

- 2-кезеңде COVID-19 кезінде медициналық көмек көрсетуге тартылған медициналық ұйымдар өңірде R<1 және медициналық ұйымда ТҚҚП<50% жеткен жағдайда 7 күн ішінде;

26) профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы скринингтер мен профилактикалық тексерулерді тоқтата тұруды;»;

6) 24-тармақтың 31), 32) және 33) тармақшалары алынып тасталсын;

7) 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бейіні бойынша жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді жалғастырсын.»;

8) 26-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;»;

9) 30-тармақ алынып тасталсын;

10) 36-тармақ алынып тасталсын;

11) қаулыға 4-қосымшада І бөлімнің 1 және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Халық үшін қорғаныш маскаларын кию міндетті:

- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;

- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.

2. Жабық үй-жайлардан тыс (далада) халық үшін қорғаныш маскаларын кию халық арасында инфекция жұқтыру тәуекелін азайту үшін ұсынылады.

Мақсаты – адамдарды бет бөліктерін (мұрын, ауыз) ықтимал инфекция жұқтырылған қолмен кездейсоқ ұстаудан қорғау. ДДҰ деректері бойынша адам минутына орташа есеппен 3-5 рет бетін ұстайды, бұл ретте бұл процесті бақыламай, ластанған қолымен инфекция жұқтыру тәуекелі артады.»;

12) қаулыға 4-қосымшада ІІ бөлімнің 2,3-тармақтарында «карантиндік орталықтарда,», «Карантиндік орталықтарды,» деген сөздер алынып тасталсын;

13) қаулыға 17-қосымшада І бөлімнің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қызметкерлер, келушілер және демалушылар медициналық маска киюі және кемінде 1,5 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.»;

14) қаулыға 27-қосымшада 4.1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) оқшаулау жағдайлары болған кезде жақын байланыста болған адамдарды үйде оқшаулауды қамтамасыз етеді. Жағдай болмаған кезде жеке құрам арасынан жақын байланыстар үшін – жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда (әскери-медициналық бөлімшелерде);»;

15) қаулыға 31-қосымша алынып тасталсын;

16) қаулыға 32-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

17) қаулыға 33-қосымшада:

ІІ бөлімнің 1.1-тармағында «карантиндік объектілер (сау адамдар үшін),» деген сөздер алынып тасталсын;

ІІ бөлімнің 5-тармағында «және карантиндік стационарларда» деген сөздер алынып тасталсын;

ІІІ бөлімнің 1.2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жиын пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын тұлғалар және әскери бөлімге келуі бойынша жас толықтырушылар.»;

ІІІ бөлімнің 1.3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер;»;

          ІІІ бөлімнің 5-тармағында «және карантиндік» деген сөздер алынып тасталсын;

18) қаулыға 34-қосымшада:

4-тармақта «, карантиндік» деген сөз алынып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Науқастарға немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде (көрсетілетін медициналық көмек түріне байланысты ЖҚҚ пайдаланбау немесе қорғаныш деңгейінің сәйкес келмеуі) медицина персоналының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының бұзу фактілері анықталған жағдайда, мынадай шараларды қолдану қажет: соңғы байланыста болғаннан кейін зертханалық зерттеуге материал алу, медициналық бақылауды ұйымдастыру, күнделікті термометрия жүргізу арқылы 14 күнге жұмыстан шеттету және үйде немесе стационарлық карантинге оқшаулау. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі. Теріс нәтиже болған жағдайда үй карантинінде болады және теріс нәтижесі бар қайтадан зертханалық тексеруден кейін 14 күннен соң жұмысқа жіберіледі.»;

19) қаулыға 35-қосымшада:

І бөлімнің 2-тармағында «карантиндік стационарда» деген сөздер алынып тасталсын;

          І бөлімнің 3-тармағында «осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес жағдайлар болған кезде», «Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарға оқшаулау ұсынылады.» деген сөздер алынып тасталсын;

І бөлімнің 4-тармағында «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің эпидемиологымен келісу бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;

ІІ бөлім алынып тасталсын;

20) қаулыға 36-қосымшада 7-тармақ алынып тасталсын;

21) қаулыға 40-қосымшада осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

22) қаулыға 41-қосымшада:

І бөлімнің 22-тармағының 8) тармақшасында «немесе пациенттің орналасқан жері бойынша карантиндік орталыққа» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритміне де өзгерістер енгізілді. 

Медициналық ұйымда COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар (нақтыланған немесе күдікті диагноз) пациент қайтыс болған жағдайда паталогоанатомиялық ашуға:

1)    Ана өлімі;

2)    Бала өлімі;

3) COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозымен 65 жасқа дейінгілер қайтыс болғанда жүргізіледі.

Ашу медициналық ұйымда биологиялық өлім анықталғаннан кейін алғашқы тәулікте жүргізіледі.

Диагнозды, өлімнің себептерін және гистологиялық және зертханалық зерттеудің басқа да түрлеріне биологиялық материалды алу мақсатында қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық бөлімшеге тасымалданады.

Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды.

Патологоанатомиялық бөлімшелерде COVID-19 қайтыс болғандарды патологоанатомиялық ашуға, биоматериалды алуға, секциялық залды жинау мен дезинфекциялауға қатысатын барлық қызметкерлердің Т.А.Ә., күндер мен іс-әрекеттерін тіркей отырып, журнал жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Ашуға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарында персоналдың ең аз саны (бір дәрігер-патологоанатом және екі санитар) қатысады.

COVID-19 күдігі бар адамның қайтыс болу жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, мйіт анықталғаннан кейін дереу жүргізіледі.

COVID-19-ға күдікті қайтыс болған адамның денесі зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін туыстарына берілмейді.

Диагноз күмән тудырған жағдайда:

- мәйітті оқшаулап сақтау жағдайлары болмаған жағдайда (немесе төтенше жағдайлар кезінде) мәйітті жерлеу зертханалық зерттеулердің нәтижелерін күтпестен, эпидемияға қарсы режим талаптарына сәйкес жүргізіледі;

- мәйітті толық оқшаулауды және сақтауды қамтамасыз ету жағдайлары болған кезде жерлеу зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін;

- СОVID-19-ға зертханалық зерттеудің кез келген түрі оң нәтиже берген жағдайда мәйітті жерлеу биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі;

- COVID-19-ға және басқа да аса қауіпті инфекцияларға зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда мәйіт әдеттегідей жерлеу үшін туыстарына беріледі.

COVID-19-бен ауыратын науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе FPP2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды (бұдан әрі – ЖҚҚ) пайдаланады.

Сақтау қажет болған жағдайда қайтыс болған адамның мәйітін дезинфекциялау құралына мол суланған жаймаларға орап, содан кейін арнайы бөлінген таңбаланған кассеталық тоңазыту камерасына салу қажет.

COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) ЖҚҚ (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, медициналық маскалар, қолғаптар) киеді.

2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, ЖҚҚ (респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилалар) пайдалана отырып, қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқандарының жуу кезінде болуына жол беріледі.

Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») ораййы. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.

Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытта тасымалданады.

Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.

Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.

Мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды ТКҚСҚБК АД аумақтық бөлімшесінің маманы, ол болмаған кезде МСАК маманы жүзеге асырады.

Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.

CОVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.

Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде тікелей көмілген жерде тиісті шоғырланудағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.

Мәйітті көму орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік нұсқаулыққа сәйкес тиісті шоғырланудағы дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуу немесе гидропультпен қарқынды сулау жолымен зарарсыздандырады.

Көлікті дезинфекциялауды (жууды) жүргізетін адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш халаты, қолғаптар, медициналық маскаларды) пайдалануы қажет.

Көлікті басқа орындарда дезинфекциялауға және көму орнынан зарарсыздандырылмаған құрал-саймандарды, пайдаланылған қорғаныш киімдерін және мәйітті тасымалдау мен көмуге пайдаланылған басқа да заттарды әкетуге жол берілмейді.

Қайтыс болған адамды басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ аумақтық тауарлар мен көсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Елдің аумағында СОVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.».

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритміне өзгерістер енгізілді. 

1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:

–    Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);

–    байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);

–    жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:

1) өздігінен жүгіну;

2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.

1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:

1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі – СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.

1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.

1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің (бұдан әрі – АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.

1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі – ҚДСБ) мамандары №3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналықбақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.

1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:

1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.

1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:

1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады,

1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.

1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

1.4.2. Жергілікті және байланыста болу жағдайларында АД-ның мамандары деректерді осы қаулының 38 және 39-қосымшаларына сәйкес енгізеді.

2.              ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.

2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID - 19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.

3.      АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.

4.      COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 41-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.

5.      АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.

6.      АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.

7.      АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді.

8.      АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес CОVID-19 Веб-қосымшасына CAVID-19 жағдайының соңы (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.

Өзгелердің жаңалығы