Бас санитар дәрігер ревакцинацияға қатысты қаулыға қол қойды

3 Мамыр 2022, 20:46
1512
Бөлісу:
Бас санитар дәрігер ревакцинацияға қатысты қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кез келген адам коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан екінші рет өте алады. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды.

Негізгі талапқа сәйкес, соңғы вакцинациядан кейін, кем дегенде, 3 ай өтуі керек. Сол кезде коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын салдыруға рұқсат бар.

КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі, – делінген қаулыда.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта алу үшін екпе салдыратын адам немесе оның заңды өкілдері профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге жазбаша келісімін беруі керек.

Айта кетері, бұған дейін ревакцинацияның толық курсы тек белгілі бір санаттарға ғана жасалған.

Олар:

шетелге шығатындар;

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;

шетелдің жоғары оқу орындарына түскен студенттер;

шетелде ем алатын пациенттер.

Өзгелердің жаңалығы