Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Бүгiн, 17:35
298
Бөлісу:
 Бас редакторлар клубы
PHOTO
Фото: Бас редакторлар клубы

Бас редакторлар клубы мен ҚР Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған.

Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Бурамбаев қол қойды.

Талқылауға Бас редакторлар клубының мүшелері - жетекші республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникациялар, тәрбие және идеологиялық жұмыс, ұйымдастыру-мобилизациялық бағыт, әскери білім және ғылым салаларына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Ел өңірлеріндегі бас редакторлар кездесуге онлайн форматта қосылды.

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Кездесу барысында Бибігүл Жексенбай меморандумға қол қою мемлекеттік орган мен медиа қауымдастық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған саналы қадам екенін атап өтті. 

Президент бірнеше рет атап өткендей, биліктің ашықтығы мен қоғаммен адал диалог - орнықты мемлекеттің негізі. Осы тұрғыда кәсіби медиа қауымдастықтың рөлі айрықша. Ақпараттық кеңістікте жауапкершілік, дәлдік пен мазмұн стандарттарын айқындайтын - бас редакторлар, - деді Бибігүл Жексенбай.

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Бас редакторлар клубының президентінің айтуынша, өзара іс-қимылдың жаңа форматы жекелеген байланыстардан жүйелі жұмысқа, ал кейінгі реакциядан - алдын ала ойластырылған, мазмұнды диалогқа көшуге мүмкіндік береді.

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Өз кезегінде вице-адмирал Серік Бурамбаев қоғамда Қарулы күштерге қатысты қалыптасқан кейбір стереотиптердің әлі де сақталып отырғанына назар аударып, армия, әскери қызметшілер және олардың елге қызметі туралы сапалы әрі сұранысқа ие контент қалыптастырудың зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Бүгінде ар-намыс, борыш, отансүйгіштік секілді негізгі құндылықтарды қоғамдық дискурсқа қайта енгізу аса маңызды. Бұл мемлекет пен медиа қауымдастықтың бірлескен күш-жігерін, Қарулы күштердің қызметін фактілерді бұрмаламай, безендірмей, адал әрі кәсіби түрде жариялауды талап етеді, - деді вице-адмирал.

Қол қойылған меморандум Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларын іске асыруды, семинарлар, шеберлік сабақтары, тағылымдамалар мен баспасөз турларын өткізуді көздейді. 

Сондай-ақ әскери тақырыпты БАҚ-та жариялауды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, Бас редакторлар клубының сараптамалық кеңесін қалыптастыру және оның салалық медиа жобаларға, оның ішінде «Әскер медиа» конкурсына қатысуы жоспарланған.

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты

Біздің басылымдар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Меморандум жүйелі жұмысты жолға қоюға және заманауи ақпараттық форматтарды енгізуге негіз қалайды, - деп атап өтті «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов.

Кездесу барысында медиа қауымдастық өкілдері ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Өз бастамаларын MNU университетінің Халықаралық журналистика мектебінің атынан медиаменеджер Бақыт Шойынбек ұсынды.

Біз үшін армия туралы кәсіби әрі аудиторияға түсінікті тілде айту маңызды. Меморандумға қол қою ашық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді «Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева. 

Кездесу қатысушылары «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» және «Литер» басылымдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен көп жылдан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқанын атап өтіп, ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары да меморандум аясында белсенді әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

Өзгелердің жаңалығы