Бас прокурордың орынбасары: Казиноға бармаймын

27 Қазан 2022, 12:59
16576
Бөлісу:
Бас прокурордың орынбасары: Казиноға бармаймын

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары тапқан табысын тек отбасының игілігіне жұмсайды. Оның үстіне, құмар ойынға әуестігі де жоқ, казиноға бармайтынын айтты. 

Казино ойындары – әлеуметтік мәселе. Ол құмарлықтан гөрі ауру деп айтар едім. Яғни лудомания деген ғылыми термин бойынша ол – психологиялық ауру. Мен (казиноға – ред.) барған жоқпын. Жалақым – 1 млн теңге. Жалақымды отбасына жұмсаймын. Жалақыны басқа қайда жұмсаймын? Ешқайда бармаймын, - деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде таралған Алматы облыстық прокуратурасының 305 мемлекеттік қызметкерінің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағаны туралы ақпаратқа қатысты пікірін білдірді. 

Алматы облысы прокуратурасының хаты бойынша тексеріс жүргізіледі. Кінәлілер жауапқа тартылады, - деді Әсет Шындалиев. 

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта Қаңтар оқиғасына қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданған болатын. Заң жобасы мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген.

Өзгелердің жаңалығы