Бас прокурор инвесторлармен кездесті: Әкімшілік кедергілер қалай жойылды?

Бас прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады.

 American Chamber of Commerce in Kazakhstan Бүгiн 2026, 11:37
Бүгiн 2026, 11:37
71
Фото: American Chamber of Commerce in Kazakhstan

Бас прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

«КОМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан» ЖШС-нің Бас директоры Меирхан Мухамадиев Mitsui & Co Ltd компаниясының өкілі ГОТО РЮДЗО мырзамен бірге Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асылов Берік Ноғайұлының жеке қабылдауында болды.

Диалог барысында Бас прокуратура мен Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлескен жұмыстың елеулі нәтижелері атап өтілді, атап айтқанда:

1.​ Мемлекеттік сараптама кезеңінде Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы тарапынан берілген бас тартуға байланысты инвестор мәселесі шешілді. Ол мемлекеттік органдар арасындағы түсініспеушілік пен үйлестірудің жеткіліксіздігінен туындаған еді. Су қорғау жолағын түзету бойынша келісімді шешім қабылданып, жобаны келісу нәтижесінде жұмыс жобасына оң қорытынды алынды.

2. ​Құрылысқа бастау туралы хабарламаны алу кезінде МСҚБ тарапынан туындаған әкімшілік кедергілер еңсерілді. Бұл нормативтік талаптарды қолданудағы рәсімдік қайшылықтарға байланысты болған. Бас прокуратураның қолдауымен мәселе реттеліп, құрылыс бастау туралы хабарлама алынды.

Наверх