Бас прокуратурада Тәуелсіздік күнін атап өтті

25 Желтоқсан 2019, 03:25
3539
Бөлісу:
Бас прокуратурада Тәуелсіздік күнін атап өтті

Нұр -Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратурада Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әріптестеріне сөз сөйлеген бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, тұңғыш президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін атап өтті.

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда. Бізде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы тұру үшін барлық жағдай бар. Қажетті материалдық-техникалық база жасалды.  Қазіргі заңнама біздің еліміздің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.  Жыл сайын қылмыстық ахуал жақсарып, қылмыстылық біртіндеп азайып келеді, - деді Ғизат Нұрдәулетов.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне, Елбасының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін  заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен батылдығы мен адалдығы үшін бірқатар прокуратура қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Бас прокурор әріптестеріне заңның үстемдігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына одан әрі табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы