Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бас прокуратура: Талғат Ардан Түркияда қамауға алынды

11 Маусым 2025, 12:16
305
Бөлісу:
 alrt.kz
Фото: alrt.kz

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев LRT жобасына байланысты қозғалған қылмыстық істер туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, бұл бағытта екі қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші іс бойынша шамамен бес жыл бұрын сот үкімі шыққан. Екінші іс – Талғат Арданға қатысты. Ол 2024 жылдың соңында тіркелген. Қазіргі таңда Талғат Ардан Түркияда ұсталып, қамауға алынды. Біз оны елге қайтару үшін Түркияға барлық құжаттарды жолдадық. Енді Түркия жағы өз заңнамасына сәйкес шешім қабылдайды, - деді Шындалиев.

Әсет Шындалиев Талғат Арданның Қазақстанға нақты қай күні экстрадицияланатыны әзірге белгісіз екенін айтты.

Біз Түркияға "тез жеткізіңіз" деп қысым жасай алмаймыз…, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы