Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы қайталанбасын деп...

22 Желтоқсан 2022, 17:03
2432
Бөлісу:
Бас прокуратура:  Қаңтар оқиғасы қайталанбасын деп...

Мемлекеттік аппарат қаңтар оқиғасын қайта болдырмау іс-шараларын қабылдап жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір бүкіл мемлекеттік аппарат қаңтар оқиғасын қайта болдырмау іс-шараларын қабылдап жатыр. Президент сайлауалды бағдарламасында нақты тапсырмалар берді. Олар аграрлық секторды, экономика саласын, инфрақұрылымдық даму, цифрландыруды қамтиды. Сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқатын, білім сапасын арттыру, медицина, сот төрелігі мен құқық тәртібіне қатысты, - деді ол Бас прокуратураныңм жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Қаңтар оқиғасын тергеу жұмыстары аяқталып қалғанын айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы