Бас мүфти Ақтөбедегі сотталғандармен кездесті

19 Наурыз 2022, 17:50
1395
Бөлісу:
Бас мүфти Ақтөбедегі сотталғандармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ Бас мүфтиі Ақтөбедегі сотталғандармен кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеге іссапармен келген Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен кездесті. 

Кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жалпы елімізде деструктивті діни ағым өкілдерімен жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып жатқанын және жат діни идеологияларының таралуының алдын алу бойынша жүргізілген іс- шаралар жөнінде әңгімелеп, ауқымды жұмыстардың түзеу мекемелерінде атқарылып жатқанын тілге тиек етті. 

Іс-шарада мекемедегі дінге сенуші сотталғандар Бас мүфтиге өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, осындай маңызды кездесу үшін алғыстарын айтты, – дейді КА-168/1 мекемесінің Теологиялық оңалту тобының аға инспекторы Абай Тұрымұлы.

Өзгелердің жаңалығы