Бас көлік прокуратурасында көлік объектілерінің қорғалу мәселесі талқыланды

30 Тамыз 2019, 07:28
1321
Бөлісу:
Бас көлік прокуратурасында көлік объектілерінің қорғалу мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бас көлік прокуратурасының алқа отырысында көлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы жөнінде мәселе қаралды.

Іс-шараны аша отырып, Бас көлік прокуроры Е.М.Сыбанқұлов террористік тұрғыдан осал объектілерінің қорғалу деңгейін көтеруге және жалпы жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Б.С.Қамалиев, ҰҚК  Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы Қ.О.Оразқұлов, құқық қорғау және уәкілетті органдардың басшылары, көлік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«Алқа отырысында мүдделі органдар мен көлік кәсіпорындарының өзара іс-қимылы үйлестіріліп, конструктивті пікір алмасу болды. Көлік объектілерінің заңсыз қолсұғу актілерінен қорғалуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер айқындалды»,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы