Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Барыстағы" былық: Көшербаев клубтың бұрынғы басшылығына қатысты пікір білдірді

24 Маусым 2025, 16:31
1023
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев "Барыс" хоккей клубының бұрынғы басшылығына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, нақты тұжырымды тергеу ісі аяқталған соң ғана жасауға болады. Сондай-ақ вице-премьер кінәсіздік презумпциясының барын да еске салды.

Ақ-қарасын құқық қорғау органдары шешеді. Мен бұл жайында сіз секілді ақпарат құралдарынан оқыдым. Соттың шешімі шықпай тұрып, кінәсіздік презумпциясы қолданылады. Қылмыстық іс қозғалды екен деп, адамды бірден кінәлі деуге болмайды. Әркімнің өз құқығы бар – оның ішінде қорғауға да құқығы бар. Әрине, тергеу тарапынан істі ашуға негіз болғаны анық – ешбір іс себепсіз қозғалмайды. Бірақ бәрібір, соңғы шешімді күтейік. Өмірде түрлі жағдай болады, – деді Ермек Көшербаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Барыс" хоккей клубының бұрынғы басшылығына қатысты іс жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы