«Барыс» ХК Ресейдің «Нефтехимик» командасын қабылдады

13 Қараша 2020, 07:06
832
Бөлісу:
«Барыс» ХК Ресейдің «Нефтехимик» командасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасымен кездесті.

Бүгінгі кездесуде елордалық хоккейшілер жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде алғашқы болып есеп ашты. Оны 2-минутта Линус Виддель өзінің еншісіне жазды. Ал 7-минутта таразы басы теңесті. Бұл сәтте ресейлік хоккейші Марат Хайруллин мергендігімен көзге түсті. 

Екінші кезеңінің 21-минутында елордалық Якоб Лилья тағы да қазақстандық команданы алға шығарды. Ойын барысында бұдан кейін гол соғылған жоқ. «Барыс» аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. 

«Барыс» енді 15 қарашада елорадада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы