Барселона Реалды ірі есеппен жеңді

30 Шілде 2023, 11:37
603
Бөлісу:
Барселона Реалды ірі есеппен жеңді

Каталондық «Барселона» АҚШ-тағы маусым алдындағы тур аясында жолдастық кездесуде мадридтік «Реалды» ойсырата жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу Арлингтонда (Техас, АҚШ) өтіп, матч 3:0 есебімен аяқталды. Барселона сапынан Усман Дембеле (15-минут), Фермин Лопес (85-ші) және Ферран Торрес (90+1) гол соқты. «Мадридтіктерден» Винисиус Джуниор 19-минутта пенальтиді сәтті орындай алмады.

Матчты 82026 көрермен тамашалады. Бұл AT&T стадионы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Өзгелердің жаңалығы