Барселона Мессиді Англияға сатуға келісті

30 Тамыз 2020, 17:28
1513
Бөлісу:
Барселона Мессиді Англияға сатуға келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты аңызға айналған шабуылшы өзінің үлкен футболдағы мансабын ағылшындардың Манчестер Сити клубында жалғастырады.

Барселона Каталондық футбол клубы әлемге әйгілі шабуылшы Лионель Мессиді Манчестер Сити клубына сатуға келісім берді. Бұл туралы британиялық таблоид Mirror жазды.

Испания басылымдарының ақпаратына сүйенсек, сауда-саттық келісімінде 250 млн фунт стерлинг (140 144 707 108 теңге!!!) көлеміндегі қаражат туралы айтылған. 

Басылымның мәліметінше, екі клуб та Мессидің әрі қарай мансабын Манчестер Ситиде жалғастыратынына сенімді. Команданың бас бапкері Рональд Куман өзінің достарына команданы Мессисіз ойынға дайындап жатқанын айтқан.

Осы жазда Месси Барселонаға факс жіберіп, клубтан кетуге ниетті екенін хабарлаған. Каталондықтар факстің келгенін растады. Дегенмен, аргентиналықтың келісімшартты бұзуға заңды тұрғысынан мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та каталондықтардың президенті Хосеп Мария Бартомеу Месси Барселонада қалса, отставкаға кетуге дайын екендігі туралы ақпарат тараған. 

Өзгелердің жаңалығы