Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды — Смайылов

26 Қаңтар 2024, 18:20
394
Бөлісу:
Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов
PHOTO
Фото: Үкімет

Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті базасындағы Qostanai ІТ Hub-қа барды және шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Qostanai ІТ Hub – астаналық Astana Hub технопаркінің өкілдігі. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында ашылды. Мұнда IT орталық, зертханалық кешен, конференц-зал, коворкинг және ойын алаңдары, тағы басқа да бірқатар тақырыптық секторлар бар.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

Qostanai ІТ Hub базасында стартап-жобалар мен IT-компанияларға арналған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ түрлі инкубациялық бағдарламалар, хакатондар мен іс-шаралар жүзеге асырылады.

Өңірдің шығармашыл жастарымен кездесу барысында Әлихан Смайылов республикада цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, соңғы 1,5 жылда 12 өңірлік IT-хаб ашылды, биыл тағы 7-ін іске қосу жоспарланып отыр.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

 

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

Бізде өте дарынды жастар жетерлік. Мұндай IT хабтар талантты жастарымыз үшін тартымды орталыққа айналмақ. Мұнда инновациялық технологиялар саласында өзін-өзі жетілдіруге және білім алуға жағдай жасалған. Нәтижесінде жаңа әзірлемелер мен тиімді жобалар пайда болады. Мұндай мүмкіндіктер мен қолдау шаралары барлық өңірлердегі жастарда болуы маңызды, — деді Премьер-Министр.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

 

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

Үкімет басшысына студенттер мен оқушыларға арналған мобильді қосымша, жасанды интеллектпен мульти-чат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалар сынды жастардың түрлі әзірлемелері ұсынылды.

Қостанай облысының бірқатар елді мекендерінде іске қосылған блок-модульдік қазандықтардың жұмысын автоматтандыру жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Жүйе отынды, еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді және ең бастысы – жылу көзінің қауіпсіздігін арттырады.

Қазір бұл өте маңызды, өйткені біз бүкіл тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға кірістік. Мұндай технология аталған саладағы жағдайды едәуір жақсартады. Әсіресе Қостанай облысында қазірдің өзінде нәтижелері бар мұндай жобалардың ауқымын кеңейтіп, барлық жерде жүзеге асыру қажет, — деді Премьер-Министр.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов
Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

Кездесу барысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Премьер-Министр мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламаларымен қатар, жастарға арналған жаңа бағдарлама іске қосылатынын атап өтті.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов

«Біз мұндай қажеттіліктің болуын жақсы түсінеміз, себебі жастарға бірінші кезекте баспана қажет. Осыған байланысты біз «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Біз оны «Отбасы банкі» арқылы іске қосамыз, жүзеге асыруға 150 млрд теңге бөлінеді. Бұл жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған шара. Бағдарлама жыл сайын жұмыс істейді, әр жылы 8 мыңға жуық жас отбасы жеңілдетілген шарттармен баспаналы бола алады», — деді Әлихан Смайылов.

Барлық өңірлердегі жастарда осындай қолдау шараларының болуы маңызды —  Смайылов
Өзгелердің жаңалығы