Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

8 Ақпан 2022, 20:05
1712
Бөлісу:
Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасын тыңдадым. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру, моральдық рухын сақтау мәселелері қаралды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерді құқықтық қорғау басым бағыттардың бірі. Өткен аптада ғана біздің комитет депутаттары атынан Үкіметке Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолданды, - деді ол. 

Депутат сайлаушылар ел Президентінің заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіруге және әскери блокты түбегейлі қайта пішімдеуге бағытталған бастамаларын толық қолдайтынын атап өтті. 

Үкімет азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайын екендігін жариялады. Сенат комитеті келесі отырыста Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мамандандырылған, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін көтеруді ұсынып отыр. Жедел-құтқару құралдары мен жабдықтары, сондай-ақ құтқарушыларды әлеуметтік қамтамасыз ету. Осы бағытта «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі шешуші әрекеттерінің арқасында егемендігіміз бен тұтастығымызды сақтап қалған ел Президентінің бастамаларын қолдауға шақырамын. Біздің күш-қуатымыз бірлікте, әркім алға қойылған міндеттерге толық жауапкершілікпен қарайтынына және бірлескен күш-жігермен барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін, - деді сенатор. 

Өзгелердің жаңалығы