Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты.
Шпекбаев жақында Президенттің қабылдауында болып, агенттік жұмыс туралы айтып бергенін жеткізді. Президент біздің жұмысымызды қолдай келе, оның қарқынын төмендетуді тапсырды. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Азаттықтың алғашқы жылдарында ұйымдасқан қылмыстық жемқорлықтың мемлекеттік аппаратпен біте қайнасуы ел болашағына зор қауіп төндірді, - деді ол.Алик Шпекбаев айтқандай, сол кезде шұғыл қабылданған шешімдер оны тоқтатуға мүмкіндік берді.
Отставкаға 6 саяси қызметкер кетті. 9 саяси қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, әкімшілік мемлекеттік қызметтегі 39 жетекші жұмыстан кетті. Отставка туралы барлық ақпарат азаматтардың назарында. Барлығы бастық болғысы келеді. Бірақ қоластындағыларға жауапты болуға кез келген адам дайын емес, - деді Алик Шпекбаев.