Бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз – Президент

5 Мамыр 2022, 20:17
2174
Бөлісу:
Бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз – Президент

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған бейнеүндеуінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен реформалар жайлы баяндады.

Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет,-деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ ол қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту екенні жеткізді.

Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын! Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайсыздар деп сенемін!,-деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы