«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

18 Шілде 2023, 17:42
2934
Бөлісу:
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін Нельсон Мандела халықаралық күні. Бұл күн 2010 жылдан бері 18 шілде күні атап өтіліп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атаулы күнге орай, Қазақстандағы Оңтүстік Африка Республикасының елшілігі Нельсон Мандела халықаралық күнін атап өтті. Сондай-ақ іс-шарада елшілік волотерлікпен айналысып жүрген дәрігер-педиатр Латиф Парпиевке құрмет көрсетіп, алғыс айтты.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Нельсон Манделаның халықаралық күні - жыл сайын 18 шілдеде, Манделаның туған күнінде тойланатын Нельсон Мандела құрметіне арналған жыл сайынғы халықаралық күн. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жылдың қарашасында ресми түрде жариялаған болатын.

Іс-шараның ашылуында сөз алған Қазақстандағы, Түркіменстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Сейпело Тандека Мэтьюз ел үкіметінің және Оңтүстік Африка халқының атынан Нельсон Мандела халықаралық күнімен құттықтады.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Нельсон Мандела күні: «Бәрі өз қолыңда»

Бүгін біз Нельсон Мандела мырзаны еске алып, астаналық педиатр дәрігер Латиф Парпиевке алғыс пен құрмет көрсету үшін жиналдық. Бұл күн Нельсон Манделаның туған күнін тойлауға емес, президент Манделаның жасаған үндеуін орындауға арналған. Бұл күн, яғни 18 шілде – әр саланың өкілдері ешқандай сый күтпестен өз қызметтерін тегін ұсынатын күн. Нельсон Манделаны жанында жүргендер «Мадиба» деп атап, құрмет көрсеткен, - деді дипломат.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Оның айтуына қарағанда, биылғы Мандела айы «Бәрі өз қолыңда» деген ұранмен тойланып жатыр. Бұл ай бізге әрекетке шақыруға құлақ асуға және әрқайсымыз айналамыздағы адамдарға көмек бере алатынымызды түсінуге мүмкіндік береді.

46664 тобының Мандела мырзаның 90 жылдығына орай Гайд-паркте өткізген концертінің соңғы күні бәріміздің есімізде. Ол: «Жоқшылық пен ауру, оның ішінде ЖИТС бар жерде атқарылатын жұмыс көп. 90 жылға жуық өмірден кейін жаңа буынға ауыртпалықты көтеретін уақыт келді. Енді бұл сіздердің қолыңызда». Бүгін біз қолындағы күшін балалар мен олардың отбасыларының денсаулығы мен өмірін жақсартуға жұмсайтын адамға құрмет көрсетеміз. 35 жастағы дәрігер-педиатр Латиф Парпиев ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтумен айналысады, - деп айтты Сейпело Тандека Мэтьюз.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Ол Нельсон Мандела таңданған құндылықтарды бейнелейтін тұлғаның жарқын мысалы. Себебі ол адамдарға риясыз қол ұшын береді.

Мандела мырзаның «қоғамның шынайы мінез-құлқы оның балаларына қалай қарауынан көрінеді» деген сөзі бар. Латиф Парпиевтің іс-әрекеті осындай ой-пікірлерге сай келеді.

Дәрігер Парпиев қиын жағдайда туылған балаларға көмектесуге дайын тұлға.

Парпиевтің жұмысы қызмметтік міндетінен де асып түседі. Ол өзінің жанашырлығы мен мейірімділігі арқылы балаларына әсер ететін жүректі ауыртатын шындыққа тап болған ата-аналар үшін психолог және кеңесші рөлін атқарады. Құрметті дәрігер Латиф, сізбен танысқаныма қуаныштымын. Біз сізбен және сіз жасаған жұмыстарды мақтан тұтамыз. Біз Нельсон Мандела атындағы балалар ауруханасына сіз жайлы хабарладық. НМ атындағы балалар ауруханасының мамандарымен кездесіп, олармен тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Африкаға саяхат ұйымдастырылады деп үміттенеміз, - деді елші.

Оңтүстік Африка Республикасының елшісі отандасымызға Нельсон Манделаның өмірбаяны суреттелген кітапты сыйға тартты.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Қазақтың «Нельсон Манделасы»

Педиатр Латиф Парпиев елшілік өкілдеріне і-шараға құрметтеп шақырғандарына алғысын жеткізді.

Бүгін осындай жиын болатыны ойыма да кіріп шықпады. Маған хабарласып, келуімді сұраған еді. Бірақ қазір аздап толқып тұрмын. Жиын өтетінін естіген соң «Нельсон Мандела» жайлы интернеттен оқып, толық ақпарат алдым. Нельсон Мандела – президент, дана көшбасшы. Ол африкалық балалар, тұрғындар қиын жағдайда екенін естіген соң, өзінің жалақысының бір бөлігін аудара бастаған. Осылайша ол волонтерлікпен айналысқан. Дәл осы күні көптеген елде атап өтіледі. Бұл өте қуантарлық жайт. «Егер бөтен адамдарға көмектесуге мүмкіндігің болмаса, онда ең болмағанда уақытыңды бөл» деп айтқан сөзі бар. Оның осындай сөздерін оқыған соң, өзім де Нельсон Манделаның жолын қуып жүргенімді түсіндім. Мен бұл іспен әрі қарай да айналыса бермекпін, - деді ол.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

Айтуынша, волонтерлік қызметпен айналысып келе жатқанына шамамен 10 жыл болған.

Көбіне балалармен жұмыс істеймін. Балалар үйі, балалар онкологиясы бар. Онымен қоса, денсаулық саласында волонтерлікпен айналысуға бел будым. Қазір балаларды ерте оңалтуға мүмкіндік беретін бірнеше жобаны қолға алдым. Балаларды ерте оңалту үшін әріптестеріме тәжірибемді бөлісемін, оларды оқытамын. Екінші бір жобам – ата-аналарға арналған мектеп. Онда ата-аналарды ерекше диагнозы бар балалармен үй жағдайында қалай жұмыс істеу керегін үйретемін. Себебі ерте жастан оңалтумен айналысатын мамандар елімізде аз. Сондай-ақ өңірлердегі көптеген ата-ана үлкен қалаларға барып, мықты мамандардың көмегін алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай мәселелерді ескере отырып, YouTube-те арна ашып, қажетті ақпараттарды ата-аналар үшін тегін жүктеп, жариялап отырмын, - деп айтты Латиф Парпиев.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?

2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 18 шілдені бейбітшілік пен бостандық ісіне қосқан үлесін мойындау үшін және өзінің идеалдары үшін күнделікті күрес қажеттілігін еске салу үшін халықаралық Нельсон Мандела күні деп жариялады. Өз сөзінде БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Пан Ги Мун Нельсон Манделаның арқасында Африкада апартеид жоқ екенін, бірақ планетаға басқа қауіптер-кедейлік, кемсітушілік, климаттың өзгеруі, қақтығыстар қауіп төндіретінін айтты. Оның айтуынша, Нельсон Мандела күн бұл іс-әрекетке шақырып, бәріміз бірге жақсы болашаққа жол аша аламыз.

«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
«Бәрі өз қолыңда» немесе қазақтың «Нельсон Манделасы» кім?
Өзгелердің жаңалығы