Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашты

1 Шілде 2019, 09:25
1475
Бөлісу:
Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкім Бақытжан Сағынтаевтың Instagram, Facebook және Twitter бойынша әлеуметтік желілерге тіркелгенін хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

«Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала, Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше.  Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған  тек бірге, тізе қосып еңбек ету арқылы жете аламыз.  Сондықтан  Сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру мен үшін  өте маңызды.  Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын Сіздермее бірге ашық талқылағым келеді. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!» - деді мегаполис әкімі.

28 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Сілтемелер: https://www.instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ/

https://www.facebook.com/watch/?v=373862916599907

https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145524862175367168

Өзгелердің жаңалығы