Бақытжан Базарбек: 30 жылда ауылдағы жерлер қолды болып кетті

15 Мамыр 2023, 12:17
9565
Бөлісу:
Бақытжан Базарбек: 30 жылда ауылдағы жерлер қолды болып кетті
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

Мәжіліс депутаты жер саласындағы олигархтар мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр орынбасары Жумангаринге, Бас Прокурор Асылов пен Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу Агенттігі төрағасына депутаттық сауал жолдаймын. Бізге жер реформасын бастау керек. Жер реформасынын негізгі бағыты болып жер саласындағы олигополиядан шынайы арылу керек, жер саласындағы монополиялардың қалыптасуына құқықтық жолмен тойтарыс беруіміз қажет. 30 жыл бойы көрінгендер қолында ауылдың жерлері қолды болып кеткен. Екі ортада сыбайластық жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің мүддесі. Сондыктан да, алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет, - деді Бақытжан Базарбек.

Осыдан кейін депутат жер саласындағы кәсіби сарапшы ретінде келесі шешімдерді ұсынды:

Біріншіден, жер кадастрін ашықтығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің аты жөндерін ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Мыңдаған, миллиондаған жерлердің иелерін, біз, Қазакстан халқы білу қажет.

Екіншіден, Жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, дербес, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес Жер ресурстарын басқару Агенттігін құру қажет.

Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастрін бір қолға беру қажет, яғни Цифрлық даму министрлігінен жер ресурстарын басқару Агенттігіне беру қажет.

Төртіншіден, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, сонымен қатар, жерді тәркілеу шарасын олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атында рәсімделген жерлерге тарату кажет.

Бесіншіден, Казахмыс корпорациясы, Арселор Миттал Темиртау, ТенгизШевройл, Карашыганак сияқты ірі компаниялардың жер қойнауы контрактілері мен жекешелендіру шарттарын жариялауымыз қажет.

Алтыншы, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін ЕГКН электрондық Порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жермен жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді буғаттау және бас тарту жүйесін енгізу.

Өзгелердің жаңалығы