Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

2 Желтоқсан 2022, 11:40
1096
Бөлісу:
Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

Сотталған Бақытгүл Хаменова сот шешіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушы тарапы апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне наразылық білдірді.

Бірінші сатыдағы сотқа Хаменовадан, оның адвокаты Вранчевтан апелляциялық шағым түсті. Бірақ іс әлі алқаның қарауына түскен жоқ, – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 15 қарашада сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын пара алғаны үшін кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сотталушының жаза мерзімі Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты үш жылға кейінге шегерілді.

Үкім жарияланған соң, Хаменова сот залынан босатылды. Айта кетейік, іс тергеліп, сот тергеуі жүріп жатқан кезде облыс әкімінің экс-орынбасары қамауда болған.

Өзгелердің жаңалығы