«Бақты» өткізу пункті жұмыс істемейді

15 Тамыз 2023, 09:26
633
Бөлісу:
«Бақты» өткізу пункті жұмыс істемейді
Фото: BAQ.KZ - архив

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті 18-20 тамызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізіліп жатыр.

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған. Осыған байланысты, комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды, - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Бақты» өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы