BAQ.KZ тілшісі Олжас Адай Президент грантының иегері атанды

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:31
Бүгiн 2026, 16:31
254
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды. Олардың қатарында BAQ.KZ ақпарат агенттігінің аға тілшісі Олжас Адай да бар.

Олжас Адай отандық интернет кеңістігінде ақпарат таратуды дамытуға, оның ішінде сапалы әрі жедел контент жасауға қосқан елеулі үлесі үшін Президент грантына лайық деп танылды.

Журналист Олжас Адай өзінің кәсіби жолында маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды белсенді жариялап, сапалы сараптамаларымен және эксклюзивті сұхбаттарымен оқырман сенімінен шығып келеді. 

Айта кетейік, Олжас медиа саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін еркін меңгерген жаңа буын журналистерінің көшбасшысы. Оның цифрлық технологияларды кәсіби деңгейде қолдана білуі – бүгінгі интернет кеңістігіндегі ақпарат тарату сапасын мүлдем жаңа белеске көтеруде.

BAQ.KZ редакциясы әріптесімізді осынау жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды! 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Жиын барысында ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды.

Сондай-ақ, Президент отандық БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Наверх