BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

6 Маусым 2021, 18:45
1681
Бөлісу:
BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті.

Келесі аптада плей-офф ойындары басталады.

15 мамырда басталған волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары Журналистер күніне қарай белгілі болады.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

VII турдың алғашқы ойынын 2-бап. «Цензура» мен «Қазақ радиолары» құрамалары бастады. 2:0 есебімен 2-бап. «Цензура» командасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл матчта 2-бап. «Цензура» қарсыласынан 2 партияда 25:22, 25:19 есебімен басым түсті.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

Ал «7 арна» құрамасы қарсыласы «Қазмедианы» екі партияда 25:18, 25:15 есебімен жеңіп, үш ұпайға ие болды.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

Сонымен қатар бүгінгі матчта «Қазақпарат» пен «Атамекен» арнасының құрамалары да өнерлерін көрсетті. Бұл командалардың ойыны 3 партияға жалғасты. Бірінші партияда «Қазақпарат» құрамасы қарсыласын 25:15 есебімен ұтса, екінші таймда 29:27 есебімен жеңілді. Үшінші партияда «Қазақпарат» құрамасы 15:10 есебімен басым түсті.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

Маусымның ең маңызды ойындарының бірі - «Хабар» мен «Qazaqstan TV» арналарының арасындағы ойын болды. Екі партияда да «Хабар» арнасы өкілдері 26:24 және 25:22 есебімен басып түсті. Сөйтіп, жүйелі чемпионатты бірінші орынмен аяқтады.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

Үздік үштіктің қатарынан Хабардан бөлек, Қазақпарат және Қазақстан арнасы құрамалары көрінді.

BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті

Айта кетейік, енді келесі аптада плей-офф басталады. Сегіз команда алған орындарына байланысты жұпталып, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетсек, волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. 

Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.

Өзгелердің жаңалығы