Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлі маңында, шамамен 2500 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары төрт қызға көмек көрсетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қыздар БАО-ға көтерілген, алайда жолда бағыттан адасып, өз беттерінше төмен түсе алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, қыздарды төменге дейін алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Таудан түскен соң қыздар туыстарымен бірге үйлеріне қайтты, - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар тауға шығар алдында маршрутты алдын ала мұқият зерттеуді, белгіленген соқпақтан шықпауды және жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен қайту уақытыңыз туралы хабарлауды ескертеді.