Банктер салық бойынша берешегі төленген шоттардағы бұғатты өздері шешеді

17 Қаңтар 2022, 18:25
1155
Бөлісу:
Банктер салық бойынша берешегі төленген шоттардағы бұғатты өздері шешеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай еліміздегі банктер қарыздары толықтай өтелген кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банктік шоттарындағы бұғатты өз бетінше шешеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Оған негіз салық төлеуші салық берешегінің сомасын өтеуі тиіс. Ал банк мемлекеттік кірістер органынан өкімді кері қайтарып алуды алғанға дейін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес жаңартуға құқылы.

Бұдан дейін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап енген өзгерістерге сәйкес, егер салық берешегі 18 мың теңгеден кем болса жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банктік шоттары жабылмайды. Бұл өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған өзгерістер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы