Банктер несиесін төлей алмаған көпбалалы аналарға түсіністікпен қарасын – әлеуметтік орталық

3 Наурыз 2020, 16:15
2062
Бөлісу:
Банктер несиесін төлей алмаған көпбалалы аналарға түсіністікпен қарасын – әлеуметтік орталық
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы аналар қиын жағдайда қалуда. Ондай аналардың көбі жұмыссыз, үйде отырғандар, оның үстіне банкте несиелері бар. Бұл туралы "Rahym" әлеуметтік орталығының жетекшісі Бибінұр Шералиева Алматыда өткен брифинг барысында айтты.

Жиын барысында аталған әлеуметтік  орталықтың жетекшісі еліміздегі екінші деңгейлі банктерге қиын жағдайда қалған осындай клиенттерінің жағдайына түсіністікпен қарауға шақырып, ондай санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру жағын көтерді. 

Бініншіден, банк жұмыссыз қиын жағдайда қалған адамдар үшін арнайы шот ашып берсе, яғни олардың жұмысқа тұруына жағдай жасау керек. Бұл шот арқылы несиені жабудың жаңа кестесі жасалса және жеке атқарушы соттарды кері шақырса. Мұндай санаттағы адамдардың жағдайына үңіліп, түсіністікпен қарауға шақырамыз. Сондай-ақ, жеке атқаушы сот пен коллекторлық ұйымдарға қатысты заңды өзгертуді ұсынамыз. Бұл қиын жағдайда қалып отырған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - дейді Бибінұр Шералиева.  

Оның айтуынша, қиын жағдайда қалған адамдарға азаматтық қоғам болып көмектесе білуіміз керек. 

Мұндай адамдарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлуіміз керек. Осы тұрғыда Медеу ауданында халықты жұмыспен қамту бойынша көптеген істер атқарылуда, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы