Банктегі оқыс оқиға: Қылмыскерге қатысты іс қозғалды

18 Маусым 2023, 19:42
895
Бөлісу:
Банктегі оқыс оқиға: Қылмыскерге қатысты іс қозғалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бүгін Астанада банк ғимаратында адамдарды кепілдікке алған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Прокуратурасы елордада кепілге алынған адамдарға қатысты ақпарат таратты.

Бүгін, 18 маусымда «Kaspi bank» АҚ астаналық бөлімшесінде 7 кепілге алынған адам босатылды. 14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 ж.т. Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан «Kaspi bank» АҚ бөлімшесін басып алған. Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының Әкімі, Бас Прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер келді. Жапсарлас тұрған барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер зиянсыздандырылып, тергеу изоляторына қамалды. Операция барысында бірде бір кепілге алынған адам зардап шеккен жоқ. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады.

Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды.

Белгілі болғандай, қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген екен.

Өзгелердің жаңалығы