Банкроттыққа өтініш беруге көмектесетіндер көбейді

10 Наурыз 2023, 14:27
877
Бөлісу:
Банкроттыққа өтініш беруге көмектесетіндер көбейді
Фото: egov.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының маңында ақшаға банкроттыққа өтініш беруге көмектесетіндер қаптап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар соттан тыс банкроттық жариялауға арызды жылдам беруге көмектесеміз деп қызметтерін ұсынуда. Ол үшін тиісті ақысын да сұрайды. 

Заң борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі құралдар арқылы қалпына келтіруге мүмкіндігін қарастырады: соттан тыс банкроттық (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын), төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы. 

Соттан тыс банкроттық рәсімі ақысыз екендігін естеріңізге саламыз. Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Өзгелердің жаңалығы