Банк секторының жиынтық активтері мамырда 372 млрд теңгеге төмендеді

12 Шілде 2022, 15:16
1192
Бөлісу:
Банк секторының жиынтық активтері мамырда 372 млрд теңгеге төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Банк секторының міндеттемелері мамырда 0,4%-ға төмендеді, бұл негізінен клиенттердің салымдарын 2,2%-ға төмендету есебінен болды және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 32,39 трлн теңге болды. 

Бұл туралы  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасы мәлімдеді.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі банк секторын екінші деңгейдегі  22 банк ұсынады, оның 13-і шетелдіктердің қатысуы бар банк, оның 10-ы еншілес банк.

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы мамырда 
0,2%-ға, негізінен, бағалы қағаздардың 4,9%-ға немесе 372 млрд теңгеге төмендеуі есебінен азайған. 2022 жылғы 1 маусымда активтер 37,1 трлн теңге болды.

Екінші деңгейдегі банктердің 11,02 трлн теңгеден астам немесе активтердің 29,7%-ын құрайтын өтімділігі жоғары активтерінің елеулі қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банк секторының міндеттемелері мамырда 0,4%-ға төмендеді, бұл негізінен клиенттердің салымдарын 2,2%-ға төмендету есебінен болды және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 32,39 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 75,3%-ын немесе шамамен 24,4 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған, - делінген хабарламада.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 17,9%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,6%, бұл орташа алғанда жүйе бойынша заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

2022 жылғы қаңтар-мамырда банктердің таза пайдасы 504 млрд теңге болды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 маусымда 3,4%-ды (2021 жылғы 1 маусымда – 3,2%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 27,9%-ды (2021 жылғы 1 маусымда – 25%) құрады.

Ал, экономикадағы кредиттер 2022 жылғы мамырда 0,6%-ға ұлғайып, 19,52 трлн теңге болған. 2022 жылғы мамырда жеке тұлғалар кредиттері 11,63 трлн теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды, заңды тұлғалар кредиттері 1,5%-ға 7,89 трлн теңгеге дейін төмендеді.

2022 жылғы мамырда ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 1,5%-ға 17,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі 8,4%-ға 1,61 трлн теңгеге дейін төмендеді, бұл негізінен, теңгенің айырбастау бағамының 7,1%-ға нығаюы нәтижесінде болды. 2022 жылғы 1 маусымда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 91,7%-ға жетті,-делінген хабарламада.  

2022 жылғы мамырда 1,84 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы сәуірге қарағанда 2,1%-ға аз.

2022 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша салалар бөлігінде банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 33,6%), сауда (22,8%), құрылыс (8,1%) және көлік (5,9%) сияқты салаларға тиесілі. Басқа салаларға – 29,6% кредит тиесілі.

2022 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8%-ды (2022 жылғы сәуірде – 15,2%), жеке тұлғаларға – 17%-ды (2022 жылғы сәуірде  – 17,3%) құрады.

2022 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 3,6%-ды (2022 жылдың басында – 3,4%) құрады.

Заңды тұлғалардың портфелінде ШОБ-ты есепке алғанда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 
3,6%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,4%) құрады. Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,8% (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,5%) болды.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 74,9%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы