Банк саласына реформа жүргізу керек – депутат

5 Қазан 2023, 12:57
537
Бөлісу:
Банк саласына реформа жүргізу керек – депутат
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған басты міндет – өз елімізде өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту арқылы экономикамызды көтеру, табысты арттырып, халықтың әл ауқатын жақсарту. Осы орайда жолдауда айтылған мәселелерге байланысты Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтің пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған жолдауында экономикаға басты назар аударды. Өйткені экономика мемлекетеміздің дамуына оң ықпалын тигізетін сала. Депутат Нұртай Сабильяновтің айтуынша, экономикада қордаланып қалған мәселелер бар.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында экономикадағы мәселелерді шешуді тапсырды. Бірінші мәселе жалпы экономика жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлікті қолдау керек. Ал кәсіпкерлердің қызметін жақсарту үшін жақсы мемлекеттік қолдаумен қатар банктен берілетін несиелердің пайызын төмендету керек. Яғни жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау қажет. Осы бағытта елдегі банк саласына талапты күшейтуді тапсырып отыр. Сондай-ақ, банк саласындағы көптеген мәселелерді шешуді тапсырды. Солардың бірі шетелден 3 банкті енгізу, - дейді депутат.

Оның айтуынша, банк саласында бәсекелестікті орнату қажет.

Елімізде қазіргі уақытта 21 банк бар. Оның барлығы экономиканы қаржыландырумен айналысып жатқан жоқ. Көбінесе тұтынушылық несие берумен айналысып кетті. Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктердің активі 44,5 трлн болса, соның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі 7 трлн 700 млрд болған. Ал шағын және орта бизнесті қаржыландыруға банк тарапынан берілген несиенің көлемі 6 трлн 400 млрд болып отыр. Сондықтан осы жағдай болмау үшін банктердің ортасында бәсекелестік болып, кәсіпкерлікті қолдауға экономиканы қаржыландыруға берілтен несиенің пайызы, сыйақысы төмен болу қажет. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде тұтынушылық несиенің көлемі көбейе беретін болса, арты наразылыққа шиеленіске алып келуі мүмкін. Себебі төлемді қайтара алмай жатқан, онлайн кредит алып жатқан азаматтар бар. Осыған байланысты Парламентте де тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы жоба әзірленді. Бұл жоба бойынша Парламент депутаттары жұмыс істеп жатыр, - дейді Нұртай Сабильянов.

Сондай-ақ, депутат елдегі өндіріс мәселесіне де тоқталды.

Жалпы онлайн кредитке байланысты көптеген мәселе бар. Сондықтан онлайн кредит беруге тыйым салу сондай-ақ,тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы ұсыныстар беріліп жатыр. Банк саласына реформа жүргізілу керек. Өйткені банктің кәсіпкерлікке 22% несие беріп отырса, оның 14 %-ын мемлекет өз өзебінен банктерге беріп отыр. Қайтарымсыз қолдау көрсетіп отыр. 8 %-ын кәсіпкерлер өздері төлейді. Яғни мемлекет банкті қаржыландырып отыр. Бұл үрдісті тоқтату керек. Керісінше қаражатты жеңілдетілген несие жүйесін құруға жұмсау қажет. Екінші мәселе өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсету. Бұл бағыттар жайлы Мемлекет басшысының жолдауда да айтты. Өңдеу өнеркәсібімен айналысатын инвесторларға жеңілдіктер қарастыру, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне қолайлы жағдай жасау бұл өте дұрыс шешім. Өзіміздің өндірісімізді қолдайтын болсақ жаңа жұмыс орындары ашылады. Өз өніміміз шығады және оны экспорттауға да мүмкіндік аламыз,-дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы