Бангладеште қызылшаның өршуінен көз жұмған балалар саны 779-ға жетті

Соңғы 24 сағат ішінде елде қызылшаны жұқтырудың 974 жаңа жағдайы тіркелді.

 Depositphotos.com 17 Шілде 2026, 09:37
17 Шілде 2026, 09:37
178
Фото: Depositphotos.com

Бангладеште жалғасып жатқан қызылша індетінен көз жұмғандар саны артып, соңғы тәулікте қызылшаға күдікті тағы 8 бала қайтыс болғаннан кейін жалпы саны 779-ға жетті.

Dhaka Tribune газетінің хабарлауынша, Бангладеш Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Денсаулық сақтау бас басқармасы (DGHS) соңғы 24 сағат ішінде қызылша белгілері байқалған 8 баланың көз жұмғанын мәлімдеді.

Соның ішінде қызылшаға байланысты болуы мүмкін деген күдікпен тіркелген өлім-жітім саны 684-ке жетсе, зертханалық талдаумен расталған қызылшадан болған өлім саны 95-ті құрады.

Соңғы 24 сағатта қызылшаға күдікті тағы 974 жаңа жағдай тіркеліп, ел бойынша мұндай жағдайлардың жалпы саны 115 138-ге жеткен.

Бангладеш үкіметі қызылшаға күдікті көптеген баланың қаза табуына байланысты 7 сәуірде жаппай шұғыл вакцинация науқанын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Пневмония мен энцефалопатияға әкелуі мүмкін қызылша – вакцина салу арқылы алдын алуға болатын, әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналады.

Наверх