Балық шаруашылығын дамытудың 10 жылдық бағдарламасы бекітілді

21 Желтоқсан 2021, 17:22
1847
Бөлісу:
Балық шаруашылығын дамытудың 10 жылдық бағдарламасы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

Экология министрлігі Балық шаруашылығын дамытудың 10 жылға арналған Бағдарламасын бекітті, онда балық өсіруге баса назар аударылды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру басталды.

Инвестиция көлемі 182,4 млрд теңгеге жуық, жылына 129 мың тонна балық өсіру жоспарланған және 5,3 мың жұмыс орнын құрумен 32 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, -деді министр.

Оның атап өтуінше,  2021 жылы жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру күтілуде, бұл өткен жылға қарағанда 30%-ға жоғары көрсеткіш.

Балық өнімдері экспортының деңгейі өсуде. Республикада балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды. Бизнес пен балық шаруашылығы субъектілері тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында балық өсіру және балық өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға мүдделілік артып келеді. Балық өсірудің күтілетін өсімі балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құруға жаңа серпін береді, -деді С.Брекешев.

Өзгелердің жаңалығы