Балық шаруашылығын дамытудың экономикалық әсері айтарлықтай – Мамин

29 Желтоқсан 2020, 10:15
958
Бөлісу:
Балық шаруашылығын дамытудың экономикалық әсері айтарлықтай – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балық шаруашылығы әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да серпінді дамып келе жатқан перспективалы бағыттардың бірі, деп атап өтті Премьер-0министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында. 

Оның айтуынша, еліміздің балық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуеті бар.

Балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауға, балық өсіру шаруашылығы құрылысы кезінде шығындарды қысқартуға, саланы одан әрі дамытуға серпін беретін заңнамалық түзетулер Парламентте қаралуда. Бағдарламаны іске асыратын болсақ, бұл айтарлықтай экономикалық әсер береді, - деді Асқар Мамин.

Брифинг барысында Экология министрлігі ұсынған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылса, балық өнімдерінің экспортын 2030 жылға қарай 136 тоннаға дейін жеткізуге болатыны туралы мәлімет келтірілді. Қазіргі күні 30 тонна экспортталып отыр. Сондай-ақ, балықты ішкі тұтыну екі есе ұлғаяды. Бұдан басқа, балық саласын дамыту 50 мыңға дейін жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Экология министрлігінің ұсыныстарын қолдаймыз. Балық шаруашылығы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының ұсынылған жобасы мақұлданады. Экология министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, Бағдарламаның іс-шараларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет және балық шаруашылығы саласын дамыту бойынша қойылған көрсеткіштерге қол жеткізілу керек, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы