Балтық теңізінде НАТО-ның оқу-жаттығуы басталды

8 Маусым 2020, 10:27
1444
Бөлісу:
Балтық теңізінде НАТО-ның оқу-жаттығуы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Балтық теңізінде Baltops халықаралық әскери жаттығулары басталды. Оған НАТО-ның 19 елі қатысып жатыр. Бұл туралы ERR хабарлады.

Оқу-жаттығулар маусымның 7-нен 16 дейін жалғасады. Оған альянстың үш мың әскері, 29 кеме және 29 ұшақ жұмылдырылған. 
Биыл коронавирустық пандемияға байланысты теңіз жаттығулары ғана өткізіліп жатыр. 

Baltops – 1972 жылдан бері тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан халықаралық әскери оқу-жаттығулары.

Өзгелердің жаңалығы