Балқашта су беріле бастады

8 Сәуір 2023, 15:33
765
Бөлісу:
Балқашта су беріле бастады
Фото: vestnickprimanich.ru

Су құбыры желісінен ақау шыққан Балқаш қаласында су беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі Қайрат Қамзин суық судың берілгендігі туралы ақпаратты растады.

Құрметті балқаштықтар! Жерлестеріміз сүйінші сұрап, суық судың берілгендігі туралы видеоларымен бөлісіп жатыр. Тағы да қайталап айтамын: желіде қандай да бір ақаудың орнын болдырмас үшін су беру біртіндеп жүргізілуде. Су жоқ үйлер, уайымдамаңыздар, жақында беріледі, - деді қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған ақпаратта.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Балқаш қаласында бас сорғы стансасы ауданындағы магистралды су құбыры жарылған болатын. Соның салдарынан қала сусыз қалды.

80 мыңға жуық халқы бар қала үшін бұл қалыпты жағдайға айналып барады. Оған себеп – тозығы жеткен желілер екендігі белгілі болды.

Жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, 7 сәуірде Балқаштағы су құбырында тағы да апат болып, тұрғындар сусыз қалған еді.

Бұған дейін Балқаш қаласы әлі сусыз отырғандығын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы