Балқашта 30-ға жуық үй жылудан ажыратылды

10 Желтоқсан 2023, 17:19
734
Бөлісу:
Балқашта 30-ға жуық үй жылудан ажыратылды

Балқашта кеше жылу магистральдарында екі апат болды. Салдарынан 28 үй жылусыз қалды. Қазір қала билігі мен коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші апат кеше түстен кейін Мұхамеджанов көшесіндегі № 32 үйдің жанында болды. 426 мм диаметрлі магистральдың бұрылысында ыстық су ағып кетіп, кері құбырдағы қысым төмендеді. Салдарынан Мұхамеджанов шағынауданы жылусыз қалды.

Екінші апат туралы Балқаш қаласының әкімдігі түнде хабарлады.

9 желтоқсан, сағат 22: 55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 мм құбырдың жарылуынан келесі мекенжайлар бойынша жылу параметрлері төмендеді:

Желтоқсан 11,12,13,14,15;

Әлем 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,

Сейфуллин 28,34,36,36 а, 32,30,32 а, 35, 31, 41, 45;

Абай 56,44,46,48,50,52,47,49,53,51,55,

Макаренко 1,3

Молдағұлова 1,2,3,4

Апаттың орын алуына қаланың жылу желілерінің тозуы себеп болды, тозу 75% құрайды. Далада ауа температура -15°С. Анықталған фактілерді жою мақсатында барлық КМК, ПИК, ТЖ, қала әкімшілігінің қатысуымен жедел штаб құрылды, — деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігінде.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын «Балқаш жылу» ЖШС жүргізіп жатыр. Апат орнына 10 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.

Судың ағып кетуіне клапан тығыздағышының су жіберуі себеп болды. Қазіргі уақытта құбыр ауыстырылды, ағу тоқтатылды, схема жиналып жатыр, кейні жылу беру іске қосылады, — деп толықтырды Балқаш әкімдігінен.

Қазіргі уақытта апат орнында қала басшысы Сапар Сатаев жүр. Балқаш басшылығы қалған 10 үйге бірнеше сағат ішінде жылу жіберіледі деп уәде берді.

Өзгелердің жаңалығы